"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының қызметкерлері іргелес аумақты абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді

Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының қызметкерлері іргелес аумақты абаттандыру және көркейту жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында аумақ тазартылып, шөп шабылды, қоқыс жиналды, сондай-ақ жасыл желектер мен гүлзарлар ретке келтірілді.
Мұндай жұмыстар тазалықты сақтауға, келушілер мен қызметкерлер үшін қолайлы жағдай жасауға және аумақтың көркем келбетін қалыптастыруға ықпал етеді. Аумақты абаттандыру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.