Тіліңізді таңдаңыз

"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясының мамандары Дзержинский ауылдық округінде ауыл тұрғындарын және Дзержинский ауылының әкімі Н.А. Жарасбаевты аралап шықты.

Аралау барысында ауыл шаруашылығы жануарларын ұстау және жаю ережелерін сақтау, малдың автомобиль жолдарына шығып кетуіне жол бермеу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін «Төрт түлік» мобильді қосымшасына тіркеу мәселелері түсіндірілді. Жануарлар туралы мәліметтерді уақытылы енгізу және өзектендіру қажеттілігі айтылды.

Мал иелеріне жануарларды қараусыз қалдырғаны және талапқа сай жайылуын қамтамасыз етпегені үшін жауапкершілік түсіндірілді.

Жауапты ұстау, дұрыс тіркеу және қауіпсіз жаю — адамдар мен жануарлардың қауіпсіздігінің кепілі!

#ДзержинскийАуылдықОкругі #ДзержинскийАуылы #ТөртТүлік #АуылШаруашылығы #МалЖаюЕрежелері #Қауіпсіздік