"СҚО әкімдігінің ветеринария басқармасы" КММ "Тимирязев ауданының ветеринариялық станциясы" ШЖҚ МКК
Ресми интернет-ресурс

Құрметті Тимирязев ауданының тұрғындары!

Тимирязев аудандық ветеринариялық станциясының ұжымы сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің, ұлттық мақтанышының айқын белгісі. Олар халқымыздың бай тарихын, бейбітшілікке, жасампаздық пен өркендеуге деген ұмтылысын бейнелейді.

Осы айтулы мерекеде сіздерге зор денсаулық, отбастарыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс және жарқын болашаққа деген сенім тілейміз.

Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерге деген құрмет және еліміздің болашағына деген жауапкершілік сезімі баршамызды жаңа жетістіктерге жетелеп, әрдайым біріктіре берсін!

Қазақстан Республикасына бейбітшілік, ынтымақ пен гүлдену тілейміз!

Құрметпен,

Тимирязев аудандық ветеринариялық станциясының ұжымы.